Жыл сайын 15 мамырда әлем жұртшылығы Халықаралық отбасы күнін атап өтеді. Бұл атаулы күн қазіргі күні жанұя институтының қоғамдағы маңызын арттыруға бағытталған маңызды мерекелердің біріне айналды. Қостанай облысында қылмыстық-атқару саласында 20-дан аса отбасы қызмет етеді. Қоғам тыныштығын күзеткен құқық қорғау орнының қызметкерлері жұмыста жауапты маман, отбасында адал жар. Дені осы заң саласында табысып, шаңырақ көтерген.

Жангелдин ауданының пробация инспекторлары Нұржан Сейітбек пен Әйгерім Баязидың шаңырақ көтергендеріне биыл – 4 жыл. Бір ауылда білім алып, болашаққа жоспарды бірге құрған екеуі заң саласын таңдаған. Бүгінде олар екі баланың ата-анасы, анттарына адал құқық саласының мамандары.