Соңғы екі аптада өңірде кене шағудың 55-тен астам жағдайы тіркелген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 19 жағдай бар. Алайда, қазіргі уақытқа дейін кене инфекцияларын жұқтыру деректері тіркелген жоқ
Кене – атмосфераның түрлі жағдайынан қорықпайтын ерекше әрі қауіпті жәндік.
Ол арқылы тасымалданатын 5 түрлі аурудың ең қатерлісі - Кене энцефалиті. Бұл орталық жүйке жүйесін зақымдайтын вирус. Қоздырғышы кейбір жануарлар мен құстардың қанында болады. Адамға ауру көбіне сілекейінде вирус бар жәндіктің жабысуы арқылы жұғады.