Қостанай облысында жоғары оқу орындары арасында ұйымдастырылған «Студенттік көктем – 2026» фестивалі өз мәресіне жетті. Бүгін фестивальдің қорытынды кезеңі гала-концертпен және сахналық қойылымдармен түйінделді. 6 сәуірде басталған айтулы шара аясында студенттер Жайдарман, пікірсайыс, мүшәйра және спорттық жарыстар сынды 12 бағыт бойынша өзара бақ сынасты.

Студенттік көктем – 2026» фестивалінің қорытындысы бойынша үшінші орын Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтына бұйырды. Екінші орынды ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы иеленсе, жүлделі бірінші орынды Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге марапаттар мен арнайы сыйлықтарды Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов табыстады.