Қостанайда жас медицина қызметкерлері арасында кәсіби шеберлік сайысы өтті. Мұнда жас мамандар өз білімін, тәжірибесін және шұғыл шешім қабылдау қабілетін сынға салды. Қатысушылар өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетіп, түрлі кезеңдер бойынша бақ сынасты.

Байқауға жиналған қонақтарды ұйымдастырушылар ұлттық дәстүрге сай ерекше атмосферада қарсы алуда. Мұнда денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, өмірін медицина саласына арнаған тәжірибелі мамандар және осы күрделі де жауапты мамандықтағы алғашқы қадамдарын енді бастап жатқан жас қызметкерлер бас қосты.

Чемпионат екі санат бойынша ұйымдастырылды: WorldSkills және ProfiSkills. Әр алаңда облыстың аудандық ауруханалары мен қала медициналық мекемелерінің намысын қорғаған жас мамандар өздерінің кәсіби дағдылары мен шеберліктерін көрсетті. Қатысушылардың жұмысын тәжірибелі әрі құзыретті қазылар алқасы бағалайды.