Жеңіс күніне орай Қостанайда тағзым мен тағылымға толы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жастар сарайы ғимаратында мерекелік концерт өтті.

Салтанатты кешке қала тұрғындары, жастар мен өнерпаздар қатысты.

Концерт барысында соғыс жылдарындағы ерлік пен елдік рухын дәріптейтін патриоттық әндер шырқалып, көркем қойылымдар ұсынылды. Кеш қонақтары майдангерлердің ерлігіне тағзым етіп, бейбіт өмірдің қадірін сахна тілімен жеткізді. Мерекелік шараның басты мақсаты -жас ұрпаққа батыр бабалардың ерлігін үлгі ету, ел тарихына құрмет сезімін қалыптастыру және бейбітшіліктің құндылығын дәріптеу.