Қостанайда Жеңіс күніне орай ардагерлердің зиратына тазалық жұмыстары жүргізілді. Еріктілерден құралған топ майдангерлердің ескерткіші мен аумақ маңын қоқыстан арылтты. Жыл сайын ұйымдастырылатын акция биыл да белсенді өтті.
«Ардагерлердің жерленген орындарына күтім жасау- өте маңызды іс». Бұл акцияға қатысқан еріктілердің пікірі. Қолдарына сыпыртқы мен тырма алған жастар төңіректі қалдықтан ада етті. Майдангерлердің құлпытасына тазалық жүргізген белсенділер осы арқылы бабаларға деген құрметімізді білдіреміз дейді.