Он екінші мамыр – Халықаралық медбикелер күні. Мәртебесі кіші болғанымен, қызметі орасан медбикенің қадірін басы ауырып, балтыры сыздаған әр адам жақсы түсінеді. Өйткені әркез науқастың жанынан табылып, алғашқы көмек көрсететіндер - осы мейірімді медбикелер. Төл мерекесінде қалалық аурухананың бірқатар абзал жандары марапатталды

Үш ғасырдан көп тарихы бар мамандықты серік еткен денсаулық сақтау саласының өкілдері қашанда мейірбандығымен ерекшеленеді. Ем-дом көрсетумен қатар, жүрек жылуын сыйлайтын ақ халатты абзал жандар ішінде мейірбикелердің мәртебесі бөлек, марапаты лайықты.

Тарихқа үңілсек, медбикелер күні Қырым соғысы кезінде әлемдегі ең алғашқы ізгілік бикелерінің қызметін ұйымдастырған ағылшын мейірбикесі - Флоренс Найтингейлдің туған күніне орай, 1971- ші жылдан бері аталып өтіп келеді. Бүгінде бұл күн - денсаулық сақтау жүйесіндегі кең жүректі жандардың бәріне ортақ мереке.