Мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен өз әлеуетін іске асырып, жаңа жұмыс орындарын ашу. Кәсіпкерлікті дамытып, экономиканың дамуына үлес қосу. Қостанай облысында IT-жобаларды қолдауға бағытталған «Startup Orda» жобасына өтінім қабылдау жүріп жатыр. Жобаға облыстың кез келген тұрғыны өзінің IT саласындағы тың идеясын немесе стартап жобасын ұсына алады.
Жобалардың әрі қарай дамып, бәсекеге қабілетті болуы автордың әр қадамына байланысты. Сондықтан, ұйымдастырушылар, ұсынылған идеялар жүзеге асқанша қатысушылардын қастарында, көмек қолын созып жүреді. Мысалы, жабдықты сатып алғанда, өндіруші мен жеткізушінің жұмыстарын тексереді. Сапасын бақылауға алады. Себебі, дұрыс жол көрсету және бағыттау - олардың басты міндеттері.Qostanay Hub орталығы талантты стартаперлерге арналған Startup Orda жобасына өтінім қабылдауды бастады. Енді облыстың кез келген тұрғыны IT саласындағы жаңа идеясын ұсынып, оны толыққанды жобаға айналдыру мүмкіндігіне ие.