Жарқын да әсерлі өнер кеші. Қостанай облысында «Өнеріміз саған, Қазақстан!» халықтық көркемөнерпаздар шығармашылығы байқауы жалғасуда. Өнердің керуен көші 1 айға созылмақ, осы уақыт ішінде бірнеше аудан өз таланттарын таныстырып үлгерді. Бұл жолы қазылар алқасының алдында Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарының таланттары өнер көрсетті.
38-ші «Өнеріміз саған, Қазақстан!» халықтық көркемөнерпаздар фестивалі шығармашылық керуен форматында өтуде. Әділ қазылар облыстың әр аудан-қалаларын аралап, мәдениет қызметкерінің өнеріне баға беріп, бағыт бағдар көрсетіп жүр. Бұл жолы өз таланттарын Меңдіқара ауданының тұрғындары паш етті.