Қазіргі таңда жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру – маңызды міндеттердің бірі. Әсіресе, бастауыш сынып оқушылары үшін мазмұны жеңіл, тілі түсінікті әрі тәрбиелік мәні зор шығармалардың орны ерекше. Осындай құнды жинақтардың бірі – «Ботақан» шығармалар топтамасы. №28 мектеп-гиманазиясында ұйымдастырылған іс- шара шеңберінде шәкірттер жергілікті қаламгерлердің шығармашылығымен жақын танысу мүмкіндігіне ие болды.

«Ботақан» жинағы – балалардың жас ерекшелігіне сай жазылған қызықты әңгімелер, ертегілер мен өлеңдер топтастырылған кітап. Жинақтағы шығармалар оқушының ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, олардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға да ықпал етеді. Кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы балалар мейірімділікке, достыққа, еңбекқорлыққа және табиғатты сүюге тәрбиеленеді. Мектепішілік кітап оқу жарысының бастамашылары осылай дейді.