Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы. Қостанайда 200-ге жуық педагог, білім беру ұйымдарының өкілдері мен сарапшылар осы тақырыпты талқылады.
Білім беру – ел болашағын қалыптастыратын маңызды сала, ал Конституция бұл саланың құқықтың әрі маңызды тірегі. Кездесу барысында мамандар жаңа заң жобасының білім беру жүйесіне әсерін талқылады. Қазақстандағы құқықтық дамудың тарихи кезеңдеріне тоқталып, Конституцияда білім беру саласына қатысты енгізілген өзгерістердің маңызын атап өтті.