Аға буынның сұрапыл соғыс жылдарындағы ерен еңбектері ешқашан да ұмытылмайды. Себебі, «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі». Қанды майдан қаһармандарын жеңіс күнімен құттықтаған аймақ басшысы осылай деді. Құмар Ақсақалов соғыс ардагерлерінің үйіне арнайы барды
Соғыс ардагерлеріне қандай құрмет көрсетіп, сый жасасақ та жарасады. Олардың өшпес ерлігі тек тоғызыншы мамырда ғана емес, әркез жадымызда. Өңір басшысы алдымен 101 жастағы майдангер Қасымхан Алдабергеннің үйіне барды. Қария әлі тың, сергек ойлы. Елі үшін етігімен қан кешіп, жауған оққа кеудесін тосқан қаһарманға облыс әкімі Президенттің құттықтау хатын оқып берді. Ақсақалдың ерлігін ұлықтады.