Ер елінің қорғаны». Осындай атаумен Қостанай ауданында 7-ші мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиын аудан орталығындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Ел тыныштығы мен бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын тағылымды кешке әскери сала ардагерлері, құқық қорғау қызметкерлері, жастар мен аудан тұрғындары қатысты.
«Алтын дән» мәдениет үйінде өткен мерекелік шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары құттықтау сөз сөйлеп, ел қауіпсіздігін күзетіп жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Сонымен қатар, Отан алдындағы адал қызмет – әр азаматтың абыройлы борышы екені айтылды.