Қостанайдағы 6697 әскери бөлімі студенттер үшін «Ашық есік күнін» өткізді. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында өткен бұл іс-шара жас буынның патриоттық және азаматтық ұстанымын арттыруға бағытталған.

Әскери бөлімге келген студенттерді сарбаздардың өздері қарсы алды. Олар қызығы мен шыжығы қатар жүретін қызметтің жауапкершілігін жақсы түсінеді. Мұнда алдымен әскери қызметшілердің киім үлгілері таныстырылды. Арнайы жабдықтар да студенттердің назарын аудармай қоймады. Білім алушылар, сондай-ақ, қару-жарақтарды көріп қана қоймай, қолдарында ұстады.