Өңірде мас күйінде жасалған қылмыстар деңгейі төмендеген. Бұл полиция жұмысының нәтижесі деуге болады. Себебі, құзырлы орган өкілдерінің жұмысының бір бағыты ішімдік ішіп, мастықпен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Мүдделі органдармен бірлесіп, түнгі уақытта және лицензиясыз алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша да жұмыс жүргізіледі. Кәсіпкерлердің алкоголь өнімдерін сату талаптарын бұзу дерегі тіркелген. Нәтижесінде 153 дүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар лицензиясыз алкоголь сататын 50-ден астам тұлға анықталып, волонтерлермен бірлесіп алкоголь сататын 2,5 мың дүкенге түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ полиция денсаулық сақтау органдарымен тұрақты түрде жұмыс жүргізіп, алкогольге тәуелді адамдарды мәжбүрлі емдеуге жіберу мәселесін қарастырады. Ішкі істер органдарының өтініші бойынша сот 198 адамды мәжбүрлі емдеуге жіберу туралы шешім шығарған. Олардың 100-ден астамы қазіргі уақытта арнайы емдеу мекемелеріне орналастырылған