Қостанайда «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында сарбаздарға құқықтық кеңес берілді. Отан қорғаушылар және Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылған патриоттық шарада
Әскери прокурорлар жауынгерлерге заң талаптары мен жауапкершілік, олардың құқығы мен міндеттері жайлы толық ақпарат берді. Ардагерлер де жас буынға адалдық пен Антқа берік болудың маңызын түсіндірді. Сондай-ақ, шара соңында үздік әскери қызметшілер марапатталып, ескерткішке гүл қойды.