Олар Отан алдында адал болуға серт берді. Қостанай қаласының орталық алаңында шамамен 180 әскери кафедра студенттері ант қабылдады. Салтанатты рәсім Отан қорғаушылар күніне орайластырылды
Студенттер үшін бұл - ең толқынысты әрі жауапты сәттердің бірі. Бүгін сап түзегендердің бірі - Руслана Карпыкова. Нәзік жандылар қатарынан болса да отан қоғаушылар күні қарсаңында еліне адал қызмет етуге серт берді. Биыл ол әскери кафедрадағы оқуын аяқтайды және құқық қорғау саласында қызмет етуді жоспарлап отыр.