Айбынды әскер - берік қорған. 7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. Бұл тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке. Қостанайдағы Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімінде салтанатты іс-шара өтті. Әскери қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, бірқатар үздік мамандар марапатталды.
Қазақстан жер жүзіне қашанда бейбітшілікті жақтайтын және жауапкершілігі жоғары мемлекет ретінде танымал. Сондай-ақ, экономикалық, гуманитарлық мүмкіндіктері ғана емес, әскери әлеуеті де мықты елге айналдық.