Денисов ауданында интернет сапасы жаңа деңгейге көтерілді. Енді мұнда тұрғындар секундына 500 мегабитке дейінгі жылдамдықты пайдалана алады. Бұл - заманауи технологиялардың енгізілуінің нәтижесі. Жаңа желілік инфрақұрылым ауыл тұрғындарына онлайн қызметтерді еркін қолдануға мүмкіндік береді

Денисовте телекоммуникациялық желілерді жаңғырту жұмыстары қарқын алды. Жүзеге асырылып жатқан жоба аясында жоғары жылдамдықты GPON технологиясы енгізілуде. Қазіргі уақытта ауылда ескі мыс желілер біртіндеп талшықты-оптикалық инфрақұрылыммен алмастырылып жатыр.