702,6 млн теңге. Бұл әлеуметтік тұрғыда осал топ ретінде саналатын азаматтарды қолдау үшін бөлінген қаржы. Қостанайда әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстар қарқынды жалғасуда. Жыл басынан бері 4 мыңнан астам тұрғынға 295 миллион теңгеден астам қаражат көлемінде көмек көрсетілген.
Әлеуметтік көмек ай сайынғы және бір реттік төлемдер түрінде беріледі. Қаржылай қолдау ең алдымен мүмкіндігі шектеулі жандар, ардагерлер, аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар дертке шалдыққан азаматтарға бағытталған. Мысалы қазірдің өзінде амбулаторлық ем қабылдап жатқан туберкулезбен ауыратын және ВИЧ инфекциясын жұқтырған балаларға да төлем қарастырылған.