Алатаудың баурайынан - шалғай ауылға! 7 баланы тәрбиелеп отырған өнегілі отбасы алып шаһар Алматыдан Қостанай облысындағы шағын ғана елді мекенге қоныс аударды.
Алты баласымен Алматының аядай ғана бір бөлмелі пәтерін жалдап тұрған Нұржан мен Айнұрдың ақ дастарқаны енді кең сарайдай өз үйінің төрінде үнемі жаюлы. Көшіп келгендеріне бірнеше жыл болды. Үйдің үлкені -студент, кенжесі 3 жаста. Отанасы жетінші сәбиін осы жерде дүниеге әкеліп, былтыр «Алтын алқа» тағынды. Екеуінің де тұрақты жұмысы бар
Көлігі сынған ауылдастары осы үйге ағылады. Нұржан – нағыз шебер. Балалар да ауылдың тіршілігіне төселген. Еңбектен қашпайды. Мектептен соң бірі волейболға, бірі күреске қатысады.