Бүгін облыс әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, түйткілді мәселелеріне құлақ түрді. Кездесуге Қостанай қаласының әкімі мен сала басқармаларының басшылары да қатысты.

Қабылдауға келген Қостанай қаласының тұрғыны инвестициялық жобасының әлеуетін арттырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мен балықтарға арналған жем өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта бұл кәсіпорынға қосалқы станциядан тек 75 килоВатт электр энергиясы келеді. Алайда, өндіріс орнының жобалық қуатын қамтамасыз ету үшін бұл жеткіліксіз, дейді. Сондықтан, электрмен жабдықтау қуатын 400 килоВаттқа дейін ұлғайту мәселесін көтерді. Ал келесі азамат осыдан екі жыл бұрын су астында қалған баспасына алаңдаушылық білдірді. Айта кетейік, 2024 жылы қалалық әкімдік топан судан зардап шеккен 69 жер учаскесін сатып алған еді.