Соңғы жылдары Қостанайда ондаған тұрғын үйдің қасбеті мен шатыры жөнделген. Биыл тағы 16 үйдің келбетін жаңарту жоспарланып отыр. Дегенмен, оған қажетті қаражат бөлінсе де, қосымша қаржыландыру керек. Бұл туралы шаһар басшысының төрағалығымен өткен жиында айтылды.