Қамысты ауданында да Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде атап өтілді. Ынтымақ пен татулық үйлесім тапқан мейрам аясында ақшаңқаң киіз үйлер тігіліп, түрлі этнос өкілдерінің өнері мен салт-дәстүрлері таныстырылды. Ал жергілікті өнерпаздардың қатысуымен өткен концерттік бағдарлама мереке көркін қыздырды.

Бірінші мамыр ел халқы үшін жай ғана мейрам емес. Ол ұлттық келісім мен достықтың, бейбіт өмір мен өзара сыйластықтың мерекесі. Орталық алаңға жиналған қамыстылық азаматтардың пікірі осындай. Бұл жолы мұнда этномәдени бірлестіктердің көрмесі ұйымдастырылып, аудан тұрғындары мен қонақтары ұлттық тағамдардан дәм татып, олардың мәдениетімен танысуға мүмкіндік алды.