Қостанайда татулық пен тұрақтылықты, ел ішіндегі этносаралық келісім мен достықты дәріптейтін маңызды мереке – Бірлік күні жоғары деңгейде аталып өтті. Ауа райының қолайсыздыған қарамастан сахнада этномәдени бірлестіктердің өнерпаздары ән шырқап, ұлттық билер көрерменге ұсынылды. Қала тұрғындары мен қонақтары мерекенің сәнін келтіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тамашалады.
Көпұлтты Қазақстан халқының ынтымағын айшықтайтын Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылған концерттік бағдарлама орталық алаңда үлкен думанға айналды. Береке бастауы - бірлік, ел іші - тату тірлік қағидасын ұстанған ел үшін бұл мерекенің орны ерекше. Облыс әкімінің орынбасары құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың жылы лебізін жеткізді.