Ғылым мен тарихқа саналы ғұмырын арнаған тұлға. Ғалихан Жантуриннің есімі бүгінде тобылдықтарға ғана емес, республика көлемінде кеңінен танымал. Ұстаздың тағылымды жолын әріптестері мен шәкірттері әлі күнге дейін үлкен құрметпен еске алады. Ел тарихына елеулі үлес қосқан тұлғаның есімі ұлықталды

Ол көптеген тарихшыларға үлгі болатын тұлға. Араб тілін меңгерген, ел тарихын зерттеп, шәкірттеріне жеткізіп, Қазақстан тарихының жаңғыруына үлес қосқан. Ғалымның 110 жылдық мерейтойына орай ұрпақтары Қостанай педагогикалық институтында 2006 жылы Ғалихан Жантуриннің есімі берілген арнайы аудиторияны жаңартып, ашылу рәсімін өткізді..