Жаңа жобалар мен кезекте тұрған азаматтар үшін әлеуметтік тұрғын үй құрылысы. Соңғы үш жылда өңірде 250-ден астам үй салынды. Мұндай жоғары құрылыс қарқыны облыста соңғы бірнеше онжылдықта тіркелмеген. Биыл құрылыс компаниялары 500 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Бұл - 4,5 мыңнан астам жаңа пәтер. Құрылыс қарқыны мен жаңа шағын аудандар туралы толығырақ тілші баяндайды.

Биыл өңірімізде құрылыс қарқыны бұрынғы жоғары деңгейде сақталады. Жыл соңына дейін жеке құрылыс компаниялары облыста 520 мың шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Құрылыстың басым бөлігі коммерциялық, ал 97 мың шаршы метрі бюджеттік құрылысқа тиесілі. Сонымен қатар жыл соңына дейін өңірде 700-ден астам жеке тұрғын үй салу көзделген. Құрылыс жұмыстарының басым бөлігі Қостанай қаласы мен Қостанай ауданында жүргізілуде.