Қостанайда дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай үстел теннисінен турнир өтті. Оған медицина қызметкерлері бастамашы болды. Ақ желеңділер тартысты ойын өрнегін көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттады.
Атаулы шараны Денсаулық сақтау басқармасы, Қостанай темір жол ауруханасы және облыстық фтизиопульмонология орталығы ұйымдастырды. Басты мақсат- саламатты өмір салтын қалыптастыру.