Қостанай ауданы Заречный кентінің тұрғындары енді бас ауырып, балтыр сыздаса, алысқа бармай-ақ ауылдағы емдеу мекемесіне жүгіне алады. Мұнда жаңадан салынып жатқан емхана көп ұзамай халық игілігіне беріліп, медициналық қызмет аясын кеңейтпек. Жұмыс барысымен бүгін өңір басшысы танысты.

Аурудың алдын алу - денсаулық сақтау саласындағы негізгі стратегиялық басымдықтардың бірі. Қостанай облысында созылмалы дерттердің өсуін тежеу, ерте диагностика жүргізу, тұрғындардың денсаулық мәдениетін арттыру және алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейту бойынша жүйелі жұмыстар қолға алынған. Соның бірі - Заречный ауылында салынып жатқан жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі күні ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.