Су тасқыны қаупіне дайындық тек адамдар мен олардың мүлкін қорғаумен шектелмейді. Бұл - сонымен қатар, малды аман алып қалуды да қамтитын маңызды процесс. Соңғы жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, төтенше жағдай кезінде көпшілік ең алдымен өз қауіпсіздігін ойлап, мал тағдыры екінші кезекке қалып жатты. Алайда оның салдары ауыр болуы мүмкін. Осыған байланысты ветеринар мамандар халық арасында түсіндіру және алдын алу жұмыстарын күшейтті. Толығырақ тілші тарқатсын.
Қазіргі таңда малды уақытылы көшіру үшін биік, қауіпсіз аймақтар алдын ала белгіленіп, дайындалып жатыр. Аудандардағы ветеринарлар ойпатты және су басу қаупі жоғары аумақтардан жануарларды көшіру бойынша нақты шараларды қолға алған.