Ұлттық ойындар - заманауи форматта. Қостанай ауданы Заречное ауылында Наурыз мерекесіне орай робототехникадан ерекше жарыс өтті. Мектеп оқушылары құрастырған роботтар ұлттық спорт бойынша өзара сынасты. Аударыспақ, теңге ілуде жасанды интеллект қаншалықты шеберлік танытты - тілші тарқатсын.
Жарысқа 8 бен 17 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Турнирге 117 команда тіркеліп, барлығы 200-ден астам жас өнертапқыыштар бақ сынасты. Темір «спортшыларды» басқарған кішкентай инженерлер робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар бойынша ғана емес, алаңда 8 ұлттық спорт түрінде өнер көрсету арқылы сынға түсті.