Бүгін Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні - Жаңару күні. Осыған орай Қостанайдағы тарихи-өлкетану музейінде «Бақ-береке бастауы - әз Наурыз» атты фольклорлық-этнографиялық шара өтті.

Көктемнің алғашқы шуақты күндерімен бірге келетін бұл мереке адамдарды жаңа мақсаттар қоюға, өткенді саралап, болашаққа нық қадам жасауға жетелейді. Қардың еруі, өзен-көлдің тасуы, алғашқы гүлдердің бүр жаруы – адамның ішкі жан дүниесіне де әсер етіп, жаңаруға деген ұмтылысты арттырады.

Табиғат пен адам өміріндегі жаңа кезеңнің жарқын көрінісі болған мейрамда мұражай ұжымы академия курсанттары мен әскери бөлім сарбаздарына қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерді көрсетті.