Жангелдин аудандық Нұрхан Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде ұлттық рухты асқақтатқан «Баталы елге бақ қона» батагөйлер сайысы ұйымдастырылды. Жаңару күнінің мәні де – осындай асыл құндылықтарды қайта тірілтіп, ұрпақ санасына сіңіруде. Бата беру дәстүрін дәріптеп, қариялардың өнегелі сөзін жас буынға жеткізу – рухани жаңғырудың айқын көрінісі. Толығырақ тілші тарқатсын.

Қатысушылар байқау талаптарына сай бірнеше кезең бойынша өз бақтарын сынады.

«Ел есіндегі баталар» кезеңінде қариялар көпшілік алдында үй тапсырмасы ретінде дайындаған тағылымды баталарын нақышына келтіре жеткізді. Ал «Әдет-ғұрып – тәрбиенің бастауы» бөлімінде қатысушылар екі сұраққа мүдірмей жауап беріп, жалпыхалықтық ақ баталар, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер арқылы өз білімдері мен өмірлік тәжірибелерін ортаға салды.