2026 жылы 3 335 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 168,2 мың этникалық қазақ оралды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.
Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысы Қытайдан, 43,6% — Өзбекстаннан, 2,7% — Түрікменстаннан, 2% — Ресейден, 2,2% — Монғолиядан және 1,7 — басқа елдерден тіркелген. 2025 жылда еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,1%-ды және зейнеткерлер 8,8%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша: 13,1%-ы жоғары білімді, 27,1%-ы орта кәсіби білімді, 51,9%-ы жалпы орта білімді, және 7,9%-ының білімі жоқ. Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды. Оның ішінде Қостанай облысына да. Қоныстандыру аймақтарында 2026 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 281 адамды құрайды. 2026 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша аталған өңірлерге 569 қандас қоныстанды, делінген хабарламада.