Қостанай облысында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында өзендерде мұзды әлсірету және кептелістердің алдын алу үшін мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта мұзды жару жұмыстары Жангелдин, Наурызым, Сарыкөл, Қарабалық және Алтынсарин аудандарының аумағындағы өзендерде өткізілді. Бұл шаралар өзен арналарында мұз кептелістерінің пайда болу қаупін азайтуға және су тасқынының алдын алуға бағытталған. Жүргізіліп жатқан жұмыстарға төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен арнайы ұйымдардың өкілдері тартылған. Барлық жарылыс жұмыстары қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылып жатыр, делінген хабарламада.