Қостанай облысында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында өзендерде мұзды әлсірету және кептелістердің алдын алу үшін жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта мұзды жару жұмыстары Жангелдин, Наурызым, Сарыкөл, Қарабалық және Алтынсарин аудандарының аумағындағы өзендерде өткізілді.
Қостанайдың жағалау аймақтарында су тасқынының алдын алу мақсатында мұз жару жұмыстары жүргізілді. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Тобыл өзеніндегі мұз қабатын жарып шықты. Бұл шара жыл сайын өткізіледі және қарқынды еру кезінде мұздың өзен арнасымен еркін өтуіне ықпал етеді. Ерекше назар мұз кептелісі қаупі жоғары аймақтарға аударылды. Әдетте мұндай орындар көпір маңында орналасады, сондықтан жарылыстар дәл осы жерлерде жүргізілді.