Костанай облысында жіті респираторлық вирустық инфекциялар бойынша эпидемиялық маусым жалғасуда. Соңғы аптада 4 016 жағдай тіркелген.

Бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда аздау, себебі ол кезде науқастар саны 5 500-ге жеткен. Дәрігерлерді әсіресе балалар арасындағы жағдай алаңдатып отыр. Ауырғандардың 55%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Мамандар алдын алу шараларын сақтаудың және дер кезінде дәрігерге қаралудың маңыздылығын еске салады.