Бір жасында америкалықтар асырап алған қазақ баласы араға 20 жыл салып, елге оралды. Ол арнайы білім бағдарламасы арқылы Қостанай өңіріне келіп, оқушыларға ағылшын тілін үйретіп жүр

Алекс Қазақстанға Америка елшілігінің қолдауымен жүзеге асып отырған Fulbright бағдарламасы арқылы былтыр келген. Жобаның негізгі мақсаты – шетелдіктерді елге тарту арқылы бір жыл ішінде балаларға тілді тегін әрі оңай меңгерту. Ал ол бұл мүмкіндікті туған жерінің мәдениетімен танысып, ұстаздық жолда өзін шыңдау үшін таңдапты.