Наурызнама онкүндігі аясында Қостанайда «Ұлт рухы - ұлттық киімде» атты этно сағат өтті. Іс-шараны Лев Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырды. Басты мақсат - қазақ халқының ұлттық киімдері арқылы дәстүрін, мәдениетін және рухани құндылықтарын кеңінен насихаттау.