Қостанайда «Кітап оқитын ұлт» жобасының қалалық кезеңіне іріктеу басталды. Жоба «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын университет», «Кітап оқитын педагог», «Кітап оқитын әулет» және «Кітап оқитын мемлекеттік қызметкер» деп аталатын 6 бағытты қамтиды.

Әжелер мен аталар, ата-аналар және балалар – барлығы өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін күш біріктірген. Қатысушылар бірнеше ай ішінде 15 кітапты оқып шыққан. Байқауға барлығы үш отбасы қатысты. Әр команда оқылған шығармалар бойынша сұрақтарға жауап берді. Әр дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланды.