Қостанайлық паралимпиадашылар елге оралды. Италияда өткен қысқы Паралимпиада ойындарына қатысқан парашаңғышыларды әуежайда қостанайлықтар салтанатты түрде қарсы алды.

Қостанайлықтар, спортшылардың жақындары мен достары паралимпиадашыларды ерекше ықыласпен қарсы алды. Италияда өткен қысқы Паралимпиада ойындарында ел намысын қорғаған парашаңғышылар – Юрий Березин, Анна Грачёва және Нұрлан Әлімов елге оралды. Әлемнің мықты спортшыларымен бақ сынап, үлкен тәжірибе жинақтады.