Наурызнама аясында аталып өтетін «Шаңырақ күні» – қазақ халқы үшін ерекше маңызы бар мерекелік даталардың бірі. Бұл күн отбасы құндылықтарын дәріптеуге, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және қоғамдағы бірлік пен татулықты арттыруға бағытталған. Лев Толстой атындығы облыстық кітапхана қабырғасында өткен іс-шара өскелең ұрпақ үшін өнегеге толы басқосу болды.

«Шаңырақ күні» – әр отбасы мүшесінің бір-біріне құрмет көрсетуі мен ата-бабадан қалған көне салт-дәстүрді жаңғыртатын ерекше күн. Үлкенді сыйлау, балаға ғұрып үйрету тек әдет емес, жүректен шыққан мейірім мен махаббаттың көрінісі. Сол себепті бұл мереке отбасының берекесін арттырып, тыныштығын сақтайды. Жас отбасыларға осыны жеткізу үшін ұйымдастырушылар бір әулетті үлгі ретінде қонаққа шақырды.