Өзге де тақырыптарға кезек берейік. Қостанай қаласында 5 көппәтерлі тұрғын үй апатты деп танылған. 1900 шаршы метрлік баспанада 127 отбасы тұрады. Олар Геологическая, Кочубея, Садовая көшелерінде орналасқан. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша азаматтарды көшіру жұмыстары қалай жүріп жатыр? Қала әкіміне баяндалды.
Былтыр Геологическая көшесіндегі 8 отбасы басқа үйге қоныс аударған. Кейін ол баспана бұзылды. Ал, Кочубея көшесіндегі екі үйдің тұрғындары осы жылы, Садовая көшесіндегі үйдің тұрғындары келер жылы көшіріледі.