2025–2026 жылдардағы жылыту маусымы басталғалы бері облыста 218 өрт тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,1 пайызға аз. Мамандардың айтуынша, тілсіз жаудың басым бөлігі пеш пен электр жабдықтарын пайдалану талаптарының бұзылуынан болады.

Жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар қызметі тұрғын үй секторында кең ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізді. Әлеуметтік осал топтарға жататын 7 мыңнан астам үйді аралап, қауіпсіздік талаптары тексерілді. Нәтижесінде 1600-ден астам бұзушылық анықталған. Оның басым бөлігі электр желілерін пайдалану талаптарына қатысты.