Мектеп экожүйесі үшін қауіпсіз орта қалыптастыру. Осы мақсатта білім ошақтары турникеттермен, металл іздегіштермен және бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етіліп жатыр
Енді ғимаратқа кіру бұрынғыдай карта арқылы емес, бет-әлпетті тану жүйесі арқылы жүзеге асады. Қазір шаһардың 34 мектебінде Face-ID функциясы бар турникеттер орнатылған. Бұл – жоғары тиімді қауіпсіздік жүйесі. Мектеп ғимаратына кіру үшін қызметкерлер мен оқушылар биометриялық сәйкестендіруден өтеді. Жүйе тек деректер базасына енгізілген тұлғаларды ғана таниды.