Өңірде әз-Наурызды мерекелеуге арналған іс-шаралар легі өтіп жатыр. Бүгін Қостанайда «Наурыз достарын шақырады» атты халықаралық би фестивалі басталды. Екі күнге созылған шара 2019 жылы Қазақстанда жарияланған жастар жылы аясында қолға алынған еді. Содан бері фестивальге ТМД және жақын шетел өнерпаздары үзбей қатысып келеді.

Осымен 7-ші мәрте ұйымдастырылып отырған фестивальге Ресей, Белорусь өнерпаздарынан бөлек, Қарағанды, Петропавл және Арқалық қалаларынан бишілер келді. Салтанатты дода түркі халықтарының ұлттық өнерін сақтап, өркендетуге бағытталған.