Қостанай облысында биыл 28 ауыл шаруашылығы кооперативін құру мақсаты тұр. Әзірге «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында осындай бірлестік ашу жөнінде 14 өтініш қаржыландырылды. Олардың басым бөлігі мал шаруашылығына қатысты.

Қарасулық үш дос былтыр бірігіп, жылқы өсіруге бел буыпты. Мамандардың ақыл-кеңесімен кооператив жарғысын жазып, бизнес жобасын жасап, қаржыландыруға ұсынған. Нәтижесінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 23 миллион жарым теңге несие алып, 42 жылқы сатып алған.Енді сол Қамбар ата түлігін өз төлінен көбейтсек дейді