Бүгін мәдениет және салт-дәстүр күні. Наурызнама онкүндігі аясында өтілетін бұл мереке ұлттық құндылықтар мен мұраларды дәріптеуге бағытталған. Біздің өңірде де қайыстың иін қандырып, одан түрлі жәдігерлер жасайтын шебер бар
Бүгінде Айдын Диханбаевтың жасаған торсықтары мұхит асып, америкалықтардың сұранысына ие болған. Тіпті, Британиямен Жапониядан да ұлттық бұйымдарымызды сатып алатындар аз емес. Әрі елімізде өткен көшпенділер ойынына келген мыңдаған турист те осы торсықтан дәм татыпты.