Облыс орталығында қаңғыбас иттер көбейіп барады. Соңғы екі айда жануарлар 102 адамды қапқан. Балаларға да шабуылдаған жәйттер орын алып отыр. Ал ит пен мысықты қараусыз қалдырғаны үшін небәрі он шақты адам ғана жауапкершілікке тартылған. Тұрғындарға қауіп төндірген бұл мәселе қалалық әкімдікте өткен жиында талқыланды.