Биылғы қыста Қостанайдан 300 мың тоннадан аса қар шығарылған. Жауаптылардың сөзінше, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 3 есе көп. Сол себепті де алдағы су тасқыны маусымына дайындықты күшейту керек. Облыс орталығында ешбір үй назардан тыс қалмауы тиіс, деді аймақ басшысы. Құмар Ақсақалов шаһарды қардан тазалау жұмыстарымен танысты.
Қостанайда көктем лебі сезілгенімен, шаһарда әлі де ақ ұлпамен күрес жалғасуда. Мамандардың айтуынша, облыс орталығы алдағы су тасқыны кезеңіне 85 пайызға дайын. Біз дәл қазір екінші Қостанай шағын ауданындамыз. Бүгінгі күні мұнда 40 мыңнан аса қар шығарылған.